![«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылданады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50070.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның Журналистер одағы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материалдарға байқау жариялайды. «Қазақстан шетедік БАҚ көзімен» атты байқаудың тақырыбы еліміздің экономикасы мен саудасын, мәдениеті пен салт-дәстүрін, тарихын, туризм және қазіргі қоғамды қамтуы тиіс.
Байқау шарты бойынша, материалдың көлемі 1500 сөзден кем болмауы, сондай-ақ, 2015 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығында ағылшын және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.
Жеңімпаздар Қазақ еліне саяхаттауға тегін тур ұтып алмақ, деп хабарлайды ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99753/)