![«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50073.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды.
Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді.
Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнирдің финалы 4 шілдеде Астанада өтеді. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99756/)