![Алмазбек Атамбаев Елбасын І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау» жөніндегі Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі ел халқы арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алмазбек Атамбаев Елбасын І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99844/)