![Еуропа Лигасы. «Қайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезда» командасын ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50184.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ойынның 3-ші минутында «Црвена Звезда» клубының қорғаушысы Саво Павичевич қызыл қағаз алды. Осыдан кейін қазақстандық команда бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырып, матчтың 45-ші минутында Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы Жерар Гоу гол соқты. Ал, 64-ші минутта Ермек Қуантаев есепті еселеп, «Қайратқа» жеңіс әкелді.
Енді Владимир Вайсс шәкірттері 9 шілде күні Алматыда қарымта ойын өткізеді. Сонымен қатар, Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде басқа да қазақстандық командалар ойындарын аяқтады. «Ақтөбе» өз алаңында эстониялық «Нымме Калью» клубына 0:1 есебімен есе жіберсе, шымкенттік «Ордабасы» израильдік «Бейтароммен» 0:0 есебімен тарқасты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропа Лигасы. «Қайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезда» командасын ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99867/)