![«Қазақстан Барысы» турнирінің финалын көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50211.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді. Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды.
«KAZsport» телеарнасы 12:50-ден бастап барлық белдесулерді халық назарына тікелей эфирде ұсынбақ.
Дүбірлі доданың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 16:35-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан Барысы» турнирінің финалын көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99894/)