![Жұманазар Ерсұлтанов пен Ерлан Омаров «Қазақстан Барысы – 2015» турниріне қатысатын 1984 жылы туған спортшылар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50215.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жұманазар Ерсұлтанов 1984 жылдың 1 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бойының ұзындығы – 160 см. Салмағы 160 келі.
Жұманазар – Қазақ күресінен спорт шебері. «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қола белбеу иегері (2013), Қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің түйе палуандар арасындағы жеңімпазы (2013). Бапкері – Болат Тұрмаханбетов.
Ал, Ерлан Омаров 1984 жылдың 22 тамызында Қостанай облысында дүниеге келген. Бойының ұзындығы – 177 см. Салмағы 87 келі.
Ерлан – Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2012), Қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2011), Қазақ күресінен ҚР чемпионы (2010). Бапкері – Бисен Әубәкіров.
Қазіргі таңда республикалық сайысқа қатысатын қос спортшы жас мөлшері жағынан ең үлкен палуан, деп танылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұманазар Ерсұлтанов пен Ерлан Омаров «Қазақстан Барысы – 2015» турниріне қатысатын 1984 жылы туған спортшылар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99898/)