![Елорда күніне Ұлттық академиялық кітапханада «Кітапхана түні» шарасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50225.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорда күніне орай Ұлттық академиялық кітапханада бүгін (4 шілде күні) «Астана – жоғары рухани мәдениет қаласы» атты атаумен «Кітапхана түні» өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанның кітапхана және кітап ісін дамытуға бағытталған акция сағат 22:00- басталып, түнгі сағат 12-ге дейін жалғасады. «Кітапхана түніне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, елорда зиялылары, оқырмандар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады», - деп хабарлады Ұлттық академиялық кітапхана баспасөз қызметі.
Сонымен қатар белгілі сазгер, ҚР-на Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жалғас Кеңесовтің «Астана – әсем ән қала» шығармашылық кеші өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда күніне Ұлттық академиялық кітапханада «Кітапхана түні» шарасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99908/)