![Астанада ҚР Президенті Кубогі үшін теннистен халықаралық турнир өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50226.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Challenger ATP және ITF Womens сериясындағы XVIII халықаралық турнирі 27-шілде мен 2-тамыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.
1991 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Президент Кубогі – теннисшілер үшін ең беделді турнирлердің бірі. 2014 жылы турнирге 30 елден 100-ге жуық спортшы қатысқан.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында «Astana Masters 12&under Presidents Cup» және әуесқойлар арасында «Astana Open» турнирі өтпек.
Әлішер ТӨЛЕУЛІ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ҚР Президенті Кубогі үшін теннистен халықаралық турнир өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99909/)