![«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50313.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдениетінде елеулі орны бар музыкалық шара. Фестивальге түркі халықтарының дәстүрлі музыка өкілдерінен құралған 400-ге тарта музыкант-ғалымдар қатысқан.
Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары болды.
«Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ, қазіргі түркілер этномузыкасындағы әралуандылықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған.
Фестивальді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-та тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99996/)