«Атамекен» – Қазақстанның 20 аймағын түгел қамтитын телевизиялық тревел-шоу.
Түсірілім тобы 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы аралап, көрерменді өңірлердің өзіне тән ерекшелігімен таныстырады. Әр бөлім бір облысқа немесе мегаполиске арналады. Аймақтың инфрақұрылымы, экономикалық жағдайы, индустриялық табысы, табиғат пейзаждары, тарихи ескерткіштері эфирде жан-жақты көрсетіледі.
Бағдарламаның басты мақсаты – аймақтарды таныстыру арқылы ортақ құндылықтарды дәріптеу, адамгершілік, еңбекқорлық сынды қасиеттерді үлгі ету және халықтың ауызбіршілігін насихаттау. Хабарға әр аймақтан танымал блогер түсірілімге қатысады.
Жүргізушісі – Нұрбек Бекбау.