Анар ағашын өсіруді кәсіп қылған ауқатты әрі беделді Йорюкхан әулетінің мұрагері Кахраман мен оның әйелі ұзақ уақыт сәби сүйе алмайды. Амалы таусылған ерлі-зайыптылар суррогат ананың көмегіне жүгіну жөнінде шешім қабылдайды. Оған әрі жас әрі кедейшілік тауқыметін тартып жүрген Элиф атты бойжеткен келіседі. Сол сәттен бастап отбасының өмірі күрт өзгереді.
Жанры: драма, мелодрама
Режиссері: Улас Инан Инач
Сценарий авторы: Мухаррем Бухара