Жұлдызды жұп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Жұлдызды жұп

Жұлдызды жұп

Музыкалық телешоуда қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары мен заманауи жас әншілер бірге өнер көрсетеді.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлт мәдениетін бағдарлама арқылы насихаттау. 

Әр бағдарламада қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалар, өнер майталмандары, сазгер, ақын, сонымен қатар, ел үшін қызмет етіп жүрген танымал азаматтардан құралған қазылар алқасы жұптарға баға береді.

Жалпы музыкалық бәйгеде 13 жұп өзара бақ сынайды. Әр бағдарлама сайын қазылар мен көрермен тарапынан ең аз дауыс жинаған жұп жобамен қоштасады. Жобадан шығып қалған 6 жұпқа бір бағдарлама арналады. Осылайша өнерлі жұптардың тағы бір мәрте бақ сынауға мүмкіндігі болады. Финалға жолдама алған 3 жұптың ең үздігі «Жұлдызды жұп» жобасының жеңімпазы атанады. 

Жоба жүргізушілері – Ғалымжан Кеңшілік, Диана Скатова.


Хабарламаларға жазылу