Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының ахуалы, оның түрлі саладағы дамуының басты бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, А.Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, елімізге игілік пен бақ-береке тіледі.