Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

07.07.2015
Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді.

Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде.

Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу