«Он алты қыз» әні қалай пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Он алты қыз» әні қалай пайда болды?

08.07.2015
«Он алты қыз» әні қалай пайда болды?

Атақты «Он алты қыз» әнін «Дос-Мұқасан» ансамблінің төлқұжаты десе де болады. Әзіл-қалжыңы араласқан туындыны бүгінде күллі қазақ жатқа біледі. Соңғы кездері музыка зерттеушілері «Он алты қызды» XX ғасырдың басында өмір сүрген әнші, композитор Шынтас Қаратаевтың әні деп жүр.

Ал, шығарманың шығу тарихы мынадай. Бірде Орал қаласына көрші  Ресейден қонақтар келеді. Олардың ішінде Рая деген әйел де болған. Қазақша білмейтін қонақтарға сөз түсінікті болуы үшін Шынтас Қаратаев арқаланып, бірнеше қыздың атын әнге қосып, соңында «Я тебя люблю, Рая» деп қайырады.  Ал, кейін әнді халыққа жеткізген Әли Құрманов.

«Он  алты қызды» әр әнші өзінің орындау мәнеріне икемдеп, лирикалық немесе юморлық қылып шырқап жүр. Десек те, шығарманың құрылымы батыс өлкесінің дәстүрлі ән мектебіне толықтай келеді.

Ал, әнді ең алғаш оркестрге қосып орындаған, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші Дауыл  Хайруллин еді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу