Джон Рокфеллер қандай қағида ұстанған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джон Рокфеллер қандай қағида ұстанған?

09.07.2015
Джон Рокфеллер қандай қағида ұстанған?

«Бүгін үнемдеген 1 долларың бір айдан соң өзіңе 5 доллар әкеледі»,-деген қатаң  қағидамен 98 жыл өмір сүрген әлемнің ең бай миллиардері Джон Рокфеллерді білмейтін жан жоқ шығар.

Ол – «Forbes» журналының жұлдызы, қоржынында 30 миллиард доллары ғана емес,  қосымша 9 құрылыс компаниясы, 9 банкі, 1000 га ауылшаруашылық округі және Американың барлық 95 пайыз мұнай өнеркәсібіне иелік етеді.

Бала кезінен түрлі тәтті мен ойыншықтан гөрі, ақшаға деген құмарлығы ерекше байқалыпты. Мысалы, небәрі жеті жасында әпкелеріне дүкен бағасынан екі есе қымбатқа кәмпит сатып, жабайы күркетауықтарды фермерлерге өткізіп,  тапқан тиын-тебенін балмұздаққа жұмсамай, жинай білген. Арасында әкесіне де пайыздық мөлшермен ақша беріп тұрыпты.

Джонның әкесі Уильям тарихта өз орны бар. Атағы алысқа кетпесе де, ол Рокфеллерлер әулетінің ертегідей баю жолының негізін қалыптастырған жан.

Жалпы, Джон Рокфеллердің мұндай дәрежеге жетуінің басты себебі – оның бұзылмас қамалдай берік ұстанған қағидаларында.

Өзін жұмыс орнында құлша сезінген ол дүкенге барғанда да тек тізімдегі тауарын ғана алған. Сондай-ақ, бар жұмсағанын арнайы кітапшасына тізіп жүрген.

Қарапайым әдістердің арқасында осындай атақ-абыройға қол жеткізген Джон Рокфеллер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу