II ғасырда пайда болған йога жаттығу тәсілдері мен тәжірибесі арқылы адамды өзін-өзі ұстауға, сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін сабырлылыққа баулуға үйретеді. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Сондай-ақ, денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Раджа, карма, джанана, бхакти және хатха сынды бағыттардан тұратын йоганың тағы бір түрі пайда болды. Басты шарты төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада қалықтап жаттығу жасау керек болғандықтан, оған «Эйр йога» деген атау берілді.
Баяу және жылдам, әрі экстремалды қимыл-қозғалоыста жасалатын эйр-йога адамға психологиялық, физикалық тұрғыдан көмек береді.
Елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан йоганың бұл түрін үйрету үшін Үндістаннан Хемант арнайы келген. Йогамен айналысып жүргеніне біраз жыл болған жаттықтырушы «Қазақстанда йогаға келушілер өте икемді әрі тез қабылдайды екен»,-дейді.
Йоганың ерекші түрімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.