Дон Ван Дыктың өмірі қиын болды. Сәби кезінде анасы тастап кетеді. Әкесі мүгедек болатын. Ал, өзі мектепте ең нашар оқитын бала еді. Ол басқа балалармен төбелескеннен басқа ештеңе білмейтін.
Алайда, Ван Дык анасының өзін ұмытпай, іздеп келгенін білгенде өмірі өзгеріп сала береді. Ол тәртіпті бола бастайды. Сонда ғана әкесінің мұны қатты жақсы көретінін, мұғалімінің соншалықты нашар адам емес екенін, спортзалда да жұдырықтасуға болатынын ұғады.
Режиссер Ан Лидің «Соққы» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.