Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен Әсет Сисенов: «Бүгінде театрымызда жаңалық көп. Биылдың өзінде 4 ірі спектакль, 2 балаларға арналған қойылым қойып, Ялтада, Бішкекте өтетін фестивальдерге жолдама алдық. Театр жас актерлер мен режиссерлерге де толығып келеді»,-дейді.
Халықаралық «BRAVISSIMO» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі-сайысында екінші орынды иеленген жас бишілер алғашқыда қобалжып, билей алмай қаламыз ба, деп жүрексінгендерін айтады.
Бірі әнші, бірі биші болғысы келетін екі өреннің «Әдемі-ай» биін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.