Бағлан Бәбіжан: ICTM конференциясы ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана ұйымдастырылып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағлан Бәбіжан: ICTM конференциясы ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана ұйымдастырылып отыр

16.07.2015
Бағлан Бәбіжан: ICTM конференциясы ТМД елдерінің ішінде тек  Қазақстанда ғана ұйымдастырылып отыр

Шілденің 16-22 аралығында Қазақ Ұлттық өнер университетінде  дүние жүзіндегі ең ірі мәдени шаралардың бірі 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы (ICTM) ұйымдастырылмақ. Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Шанхай қаласында өткен конференцияның басқару комитеті келесi конференцияны Астанада өткiзу туралы шешiм қабылдаған болатын.

Алматыдан арнайы келген дәстүрлі әнші Бағлан Бәбіжан  осы конференцияға қатысады. «ICTM конференциясының тарихы тереңде. Мен осымен екінші рет қатысқалы отырмын. Биылғы жиында «Қазақтың дәстүрлі әні және оның аспаптық сүйемелі» деген тақырыпта баяндама оқимын. Қазақтың әндері тек домбырамен ғана айтылмайды, сондай-ақ, жетіген, сырнай, үш ішекті домбыра, қобызбен де айтылады. Баяндамамның негізгі мақсаты – қазақ әндерінің қандай аспаптармен сүйемелденетіні туралы толыққанды ақпарат беру»,-дейді әнші.

«Қазақ әндері көбіне домбырамен орындалады. Бірақ, соңғы кездері сырнайдың сүйемелдеуімен айтылатын әндер көбейіп келеді. Қазақ Ұлттық өнер университетінде сырнай класы бар. Онда әнші  Клара Төленбаева сабақ береді. Сондай-ақ, Медет Салықов, Ардақ Балажанова сынды әншілер үш ішекті домбыраны қолданысқа енгізуде. Ал, әнші Қазбек Әдікеев қылқобыздың сүйемелдеуімен өнер көрсетеді».

«ICTM конференциясы ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Шанхай, Нью-Йорк, Лондон сынды ірі мегаполистерде өткізілді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу