Марат Жақит: Қытайлықтар палуандарымыздың ептілігіне таңғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Жақит: Қытайлықтар палуандарымыздың ептілігіне таңғалды

17.07.2015
Марат Жақит: Қытайлықтар палуандарымыздың ептілігіне таңғалды

Жуырда Қытай Халық Республикасына жарысқа барып қайтқан ол: «Сайысқа Азия чемпионатында екінші орын алған палуандарды алып бардық. Алты салмақ дәрежесі бойынша алты палуанымыздың бесеуі бірінші орын алды. Бір палуанымыздың еншісінде – үшінші орын.

Мұндай ірі жарыстарға бірінші рет шығып тұрған жас палуанға мұның өзі үлкен жетістік. Сол жақтың әкімі: «Сіздердің балаларыңыз көп әдіс жасайды екен»,-деп палуандарымыздың ептілігіне таңғалды»,-дейді.

«Жарыстың ашылуы, бізді күтіп алуының өзі ерекше болды. Шекарадан өте бере аяғымызды жерге тигізбей, құрмет көрсетті. Доданы 30 мыңдай көрермен тамашалады. Стадионға сыймай, көпқабатты үйлердің төбесінде тұрып көргендер де бар. Жарыстан  әлемнің 35 телеарнасы хабар таратты».

«Келесі жарысты  Индонезияның Джакарта қаласына жоспарлап отырмыз. Онда өткізудегі себебіміз – 2017 жылы  Азия ойындары өтпек. Егер Джаркарта билігі қызығушылық білдіріп жатса, мүмкін  Азия ойындарына қазақ күресі де еніп кетер деген ой».

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу