«Қазақстан би әлеміне» саяхат жасаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан би әлеміне» саяхат жасаңыз

18.07.2015
«Қазақстан би әлеміне» саяхат жасаңыз

Би – халқымыздың ауыз әдебиеті, ән-күйі, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшелігімен біте қайнасып келе жатқан мұрасы. Би - бұл жай ғана қимыл-қозғалыстан туатын өнер емес. Сырына үңіліп, тереңіне бойласаңыз, бұл өнердің біз біле бермейтін өзіндік тылсым құпиялары мен ашылмаған сыры көп екенін байқайсыз.

«Қазақстан би әлемі» хабарының мақсаты - ел болмысын, салт-дәстүр құндылығын, қыздардың сұлулығы мен жігіттердің жігерлілігін көрсететін би өнерінің көркемдігін көрермен назарына ұсыну. 

Бағдарламаның әр шығарылымында қазақ билері, классикалық балет өнері, заманауи жастар және бал билерімен бірге әр ұлттың биі көрсетіледі. Сонымен бірге, әр бидің шығу тарихы баяндалып, елімізге танымал хореограф, балетмейстерлердің сұхбаты беріледі.

Хабарламаларға жазылу