Қазақстан халқының банктердегі салымдары бес жылда екі есеге ұлғайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының банктердегі салымдары бес жылда екі есеге ұлғайған

18.07.2015
Қазақстан халқының банктердегі салымдары бес жылда екі есеге ұлғайған

Халықтың қаржылық салымдары орталықтан аймақтарға ауысуда. Бір жыл ішінде Алматы қаласының үлесі 2 пайызға төмендеп, 49 пайызды құрады.

Өңірлер арасында депозиттер бойынша 6,1 пайызбен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Аймақ халқының шұғыл және шартты салым портфелінің көлемі 231,4 миллиард теңгені құрады. Бұл – республикадағы жалпы көлемнің 6 пайызы. 

Салымдар көлемі бойынша екінші орында – Шығыс Қазақстан (177,7 миллиард теңге), үшінші – Оңтүстік Қазақстан облысы (131 миллиард теңге)  тұр.

Ал, бес жылда республика халқының банктік салымдары 2 есеге ұлғайған. Осы уақыт аралығында аймақтардағы депозиттер көлемі 1,9 есеге өскен.

Адам басына шаққандағы салымдар көлемі бойынша да аймақтар жоғары деңгейді көрсетуде, деп жазады  ranking.kz.

Хабарламаларға жазылу