«Бүгін – жексенбінің» қызықтарын бірге көрейік! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін – жексенбінің» қызықтарын бірге көрейік!

19.07.2015
«Бүгін – жексенбінің» қызықтарын бірге көрейік!

«Бүгін – жексенбі» таңғы ақпаратты-танымдық бағдарламасы жексенбілік таңдарыңыздың сәтті өтуінің кепілі. Бүгінгі бағдарламада танымал тұлғалардың сұхбатын тыңдап, түрлі қызықты ақпараттарға  қанық боласыздар.

Әнші Төреғали Төреәлі студияда қонақта болса, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев бағдарламаға «Skype» арқылы қосылып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліспек.

Ал, осы аптадағы ең таңғаларлық жаңалық – Аягөздегі «жанатын көл» туралы журналистік зерттеу жүргізген тілші  Нұрбек Бекбау  табиғаттың тылсым күйі туралы айтады.

«Гауһартас» фильмінің тарихын білесіз бе? «Rope jumping» (арқанмен секіру) экстремалды спортының ерекшелігі неде? Рацияфиксатордың қандай қасиеті бар? Бұл сауалдарға жауап іздесеңіз, бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:30-да «Бүгін – жексенбі» бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу