Ұлттық арнада – «Күншуақты Тоскана» драмасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Күншуақты Тоскана» драмасы

19.07.2015
Ұлттық арнада – «Күншуақты Тоскана» драмасы

Жазушы Фрэнсис Мэйс күйеуімен ажырасқан соң қайғы-мұңға беріледі. Жан дүниесінің жарасы шығармашылығына кері әсер етеді. Мұны байқаған достары оны Италияға барып, сергіп қайтуға кеңес береді.

Достарының сөзін жерге тастамаған ол Италияға кетеді. Осы сәтте ғажайып басталады. Тоскана жеріне келген Фрэнсис оның сұлулығына тәнті болады.

Дәл осы жерде тұрақтап өмірін өзгерткісі келген жазушы ескі вилланы сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Дайан Лэйн, Сандра О, Линдси Дункан басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу