Ғалымдар тері ауруларын емдеуде ең тиімді екі антиоксидантты анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар тері ауруларын емдеуде ең тиімді екі антиоксидантты анықтады

20.07.2015
Ғалымдар тері ауруларын емдеуде ең тиімді екі  антиоксидантты анықтады

N-ацетилцистеин және глутатион - қауіпті тері ауруларын емдеуде ең тиімді антиоксиданттар.

«Plos One» басылымында Стэнфорд университеті медициналық мектебінің ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесі жарияланды. 

Жер шарының 4 пайызға жуық тұрғыны түрлі тері ауруларынан жапа шегеді. Оның арасында созылмалы дерматит тәрізді күрделі түрі де кездеседі. 

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдар терісі зақымданған 16 тышқанды бақылауға алған. Кеміргіштердің үштен біріне судағы ацетилцистеин берілді, тағы бір бөлігіне глутатион мөлшері, ал, қалған тышқандарды бақылау тобында қалдырды.

«Ацетилцистеин қабылдаған жәндіктерде терінің жазылу процесі баяу байқалған. Зерттеу уақытының  соңында дейін NAC берілген кеміргіштердің 40 пайызының терісі жазылып үлгерді. 

Ал, глутатион қабылдаған тышқандар нәтижесі жылдам байқалды. Екі-төрт апта ішінде олардың жартысының терісі қалпына келген», делінген басылым мәліметінде.

Ғалымдар зерттеудің келесі қадамында тиімді әсер еткен антиоксидант  тері ауруы бар науқастарды клиникалық емдеуде қолданылатынын айтады.

Хабарламаларға жазылу