Павлодарда үш балабақша «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын енгізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда үш балабақша «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын енгізуге дайын

20.07.2015
Павлодарда үш балабақша «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын енгізуге дайын

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының № 2 сәбилер балабақшасы, Екібастұз қаласының № 6 «Золотая рыбка» және № 20 «Мерей» балабақшалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін тәжірибе жүргізуге дайын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Жоғарыда аталған мектепке дейінгі мекемелерде балаларға ерте жастан ағылшын тілін үйрету бағдарламасы мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар әзірленген. Мұнда сабақтар мен барлық шара үш тілде ұйымдастырылады», - дейді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тамара Иванова.

Ал, өңірлік Білім беру басқармасы жалпы және орта білім беру бөлімінің жетекшісі Ләйлә Жүсіпова ағылшын тілі мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие беретін балабақшаларға енгізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, аталмыш балабақшалар басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес мамандар құрамы сай келетіндіктен таңдалып алынған. Қазіргі таңда бірнеше аудан болашақта жергілікті деңгейде эксперименттік алаңдарды ашуды қарастыруда. 

 

ФОТО: goo.kz

Хабарламаларға жазылу