«Оңтүстік Жарық Транзит» ААҚ-ның инвестициялық жаңғырту бағдарламасына сәйкес жүргізілген жоба ең қымбат жоба деп бағаланған.
Миллиардтаған қаржы жұмсалған нысан «Нұрсәт», «Қайтпас-1», «Нұртас» шағын аудандарының тұрғындарына қызмет етпек.
Тұрғын үй секторынан өзге әлеуметтік маңызға ие нысандар да осы электр станциясынан жарық алады.
«Электр станциясын салу кезінде отандық және шетелдік заманауи құрал-жабдықтар қолданылған. Мұнда Кентау трансформаторлық зауыты өндірген қуаты 4000 ваттық 2 трасформатор бар.
Ал, өзімізде шығарылмайтын жабдықтар Ресей мен алыс шетелдерден әкелінді», - дейді «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС жетекші инженері Самитдин Нұртаев.
Бірнеше қабатты және салмағы тоннаға жуық құрал-жабдықтардан тұратын электрстанциясы автоматты түрде жұмыс істейді. Сондықтан болар, тек бір ғана жұмысшы барлық жабдықты басқарады. Ал мәліметтер ағынын негізгі монитордан көруге болады. Заманауи подстанция қауіпсіз әрі үнемді.
otyrar.kz