Аякөздегі әлеуметтік мәселелер қалай шешілуде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аякөздегі әлеуметтік мәселелер қалай шешілуде?

22.07.2015
Аякөздегі  әлеуметтік мәселелер қалай шешілуде?

«Аякөз – ая, аядай бұлақ деседі

Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?!»  М.Мақатаев.

Аякөз – аңыздар, батырлар мен абыздар жері. Бұл жерден туған тарихын жырлаған талай атақты адамдар шыққан. Дулат Бабатайұлы, Ақтамберді жырау осы өлкенің тумасы.  

Аякөз – шағын қала. Өскемен қаласынан 310 шақырымда орналасқан. Экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Қала аса маңызды автокөлік, теміржол, әуе жолдарымен қамтылған.

Мұнда 18 тарихи ескерткіш бар. Олардың қатарында ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазарын, Балтабек қажы кесенесі мен Барақ сұлтанға арналған кесенелерді атауға болады.

Қаланың әлеуметтік жағдайы қалай? Балабақша, мектеп, аурухана, тұрғын үй мәселелері қалай шешілуде? Бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу