Сараптама комиссиясының қарауына барлығы 345 жоба келіп түсті. Оның ішінде басым бағыттар бойынша жобалардың көпшілігі ұялы технологияларды әзірлеуге қатысты 142 жоба, электронды коммерция бағыты бойынша – 114 жоба, медиа-технологиялар бағыты бойынша - 59 жлба, бұлтты есептеулер бағыты бойынша - 30 жоба бар.
Өтінімдердің басым бөлігі Қазақстаннан 262 жоба (76 пайыз), Украиналық стартап топтардан - 46, сондай-ақ, Ресей Федерациясының стартап топтары өз белсенділігін көрсетті, олар бағдарламаға 14 жоба ұсынылған.
Өтінім берушілердің арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларус, Словения, Абхазия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Оңтүстік Корея, Тайланд пен ҚХР - нан стартап топтар бар.
Халықаралық Сараптау комиссиясы стартаптарды қалыптастыру мен коммерциялық жобалардың инвестициялық тартымдылығын талдау бойынша шеберлік сабақтардан одан әрі өту үшін 40 үздік топты анықтайды.