Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның қатысуымен «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңынан тыс пәтерлерді санкциясыз сату бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Онда БАҚ өкілдері тұрғын үй құрылысы саласындағы түйткілді мәселелерден және қала әкімдігінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар болды.
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Елорданың тұрғын үй қоры 18,1 миллион м2 құрайды. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 942 мың м3 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.
Тұрғын үй құрылысына 823 жер телімі берілген, ол жерлерде жалпы ауданы 20 миллион м2 құрайтын тұрғын үйлер салуға болады. Бүгінгі таңда 341 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың жалпы ауданы 9 млн м2 құраса, жалпы ауданы 11,2 миллион шаршы метрлік 482 нысан жоспарлану үстінде.
Баспасөз маслихатының соңында Сергей Хорошун барлық сұрақтар бойынша қала тұрғындары Астана қаласы әкімдігіне, Сәулет және қала құрылысы басқармасына және Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасына хабарласа алатынын еске салды.