Павлодар облысындағы пошта бөлімшелерінің мамандары велосипедтермен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы пошта бөлімшелерінің мамандары велосипедтермен қамтылды

24.07.2015
Павлодар облысындағы  пошта бөлімшелерінің мамандары велосипедтермен қамтылды

«Қазпошта» АҚ жариялаған «Пошташы жылы» аясында Павлодар облысының қала, аудандарындағы пошта бөлімшелерінің мамандары велосипедтермен қамтылды.

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы Маркетинг, жарнама және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Санира Жүсіпованың айтуынша, бүгінге дейін аймақта 159 пошташыға мамандандырылған экологиялық таза көліктер берілген.

 «Қазіргі таңда облыс тұрғындарына 18 пошта байланысы бөлімінің 210 маманы қызмет көрсетеді. Олардың көпшілігі велосипедтермен қамтылып, жұмыстары әлдеқайда жеңілдеді. Алдағы уақытта бұл игі іс жалғасын табады.

Мамандар, сонымен қатар, тұрғындардан коммуналдық және ұялы байланыс қызмет төлемдерін жасауға арналған мобильді құралдармен қамтылды», - деді С. Жүсіпова.

Айта кетерлігі, пошташылар апта сайын төрт мыңнан астам тұрғынның үйлерін аралап, хат-хабар, газет-журнал таратады, деп жазады pavlodarnews.kz.

 

 

Хабарламаларға жазылу