Оңтүстікте соңғы алты айда 90 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікте соңғы алты айда 90 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

25.07.2015
Оңтүстікте соңғы алты айда 90 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

Индустрияландыру картасы аясында 65,8 млрд теңгеге 36 жобаны іске асырып, 3200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Есепті кезеңде 17,7 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылып, 1190 жұмыс орны ашылған. Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі 90,9 млрд теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 78,8 млрд теңге, егін шаруашылығында — 11,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшысы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,3 млрд теңгені, нақты көлем индексі 91,9 пайызды құрғанын айтады. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 65,2 млрд теңгені құрап 8,4 пайызға артса, іске қосылған тұрғын үйлердің алаңы 179 мың шаршы метрге жеткен.

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кірісі 95,7 млрд теңгені құраған. Жергілікті бюджетке 46,3 млрд теңге түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,9 пайызға артқан.

Хабарламаларға жазылу