Павлодар облысының Байдала ауылының тұрғыны кәсіпкер Руслан Мұстафинов өртке төзімді ерекше киіз шығаруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.
Елімізде өртке қарсы киіз Павлодар облысында ғана жасалады.
Кәсіпкер жұртшылыққа сапалы өнім ұсыну мақсатында Ресей Федерациясынан арнайы киіз станогын сатып алған.
Бүгінде Қарағанды, Астана, Семей, Өскемен қалаларынан 1000 пимаға тапсырыс түсті, дейді кәсіпкер.
Құрылысы қызу жүріп жатқан жеке ғимаратты биылғы жылдың қыркүйек айында іске қосу көзделіп отыр.