Батырхан Сәрсенхан – Жүрсін Ерманның бағасын алған ақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Сәрсенхан – Жүрсін Ерманның бағасын алған ақын

29.07.2015
Батырхан Сәрсенхан – Жүрсін Ерманның бағасын алған ақын

Жас ақын Батырхан Сәрсенханның ата- анасы өлеңге жақын жандар. Олардың осы қасиеті баласына да дарыған. Алғашқы жырларын 12-13 жасынан жаза бастаған.

Баланың ақындық дарынын мектеп қабырғасында ұстазы Ұлжарқын Мұқай байқаса, кейін келе  бәйгеге қосуға ықпал еткен ХҚТУ-дағы ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдолла Садықұлы болды.

Ал, Жүрсін Ерман жас ақынның жырларын жоғары бағалап: «Кім біледі, ертеңгі күннің ерен ақынының, шынайы шайырының тұсауын кесіп отырған шығармыз», деген болатын.

Батырхан Сәрсенхан – 1995 жылы 28 наурызда дүниеге келген. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының жеңімпазы, халықаралық Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына өткен арнайы мүшайраның 2-орын иегері, Республикалық «Махамбет оқуларының» лауреаты.

Республикалық Қожаберген жырау мүшәйрасында 2-орын алса, облыстық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты ақындар байқауының бас жүлдегері, М.Мақатаев, Қасымбек Дәрібаев атындағы жас ақындар байқауының бас жүлдегері, Аудандық «Ата заңым-алтын діңгегім», «Туы биік, тұғыры мығым – Тәуелсіздік» атты мүшәйралардың жеңімпазы.

Ақынның шығармашылығымен толығырақ бүгін 13:10-да «Поэзия әлемі» хабарынан  таныса  аласыздар.

Хабарламаларға жазылу