Бір ауылдан екінші ауылдағы мектепке қатынап оқитын балалар сол күні де сабаққа бара жатқан беттері екен. Екі үйден үш бала, бір үйден екі бала, қалған үйлерден бір-бір бала, барлығы 15 бала мен ескекші мінген қайық Іле өзенінің ортасына жеткенде сеңге соғылып, ауып кетеді.
Жағада бірі баласын, бірі бауырын мектепке шығарып салып тұрған жандар не істерлерін білмейді. Тек дағдарып тұрғандардың ішінен Бейсетай Дәуренбеков қана киімдерін шала-пұла шешіп, өзенге секірген.
Асау толқынмен арпалысып жүріп, 15 баланың 12-сін құтқарып үлгерген Бейсетай Дәуренбеков туралы толығырақ бүгін 17:50-де «Жаныңда жүр жақсы адам» хабарынан көре аласыздар.