Алматы онкологиялық орталығының 388 қызметкері Наурызбай ауданында селден жапа шеккен жандарға материалдық көмек ретінде біркүндік еңбекақыларын аударды. Жиналған қаражат 1 миллион 405 мың теңге «Жаңа Алатау» қорына аударылды.
«Селден зардап шеккендерге жәрдемдесейік!» атты қайырымдылық акциясы аясында «Жаңа Алатау» қоры Қазақстанның Ұлттық банкінен шот ашқан еді.
Қорға түскен қаражат инфрақұрылымдар мен түрлі нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын болады.