Бүгінгі күні қазақстандықтардың көпшілігі алатын жалақылары көлемді болса да, жасаған шығындарының орнын толтыра алмай жатады. Мұндай жағдайға тап болмас үшін отбасылық бюджетті құрып үйрену қажет.
Әдетте, дәстүрлі түрде бюджеттің үш түрі бар: бірлескен, бірлескен-жеке және жеке бюджет. Бюджеттің түрін таңдауда отбасы мүшелерінің барлығының пікірі ескерілуі тиіс. Әйтпесе кикілжіңдер туындауы мүмкін.
Отбасы бюджетін қалай тиімді етуге болады? Сіздің отбасыңыз жыл сайын құрылатын бюджетті ұстанады ма? Отбасыңыздың жыл сайын азық-түлікке, киімге және тұрғын үй үшін қанша ақша жұмсайтынын білесіз бе? Бұл сауалдарға сағат 15:00-де «Әйел бақыты» жауап іздеп көрмек.