Таяуда Астанадағы «Фолиант» баспасынан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, танымал журналист, публицист Қайнар Олжайдың «Қой баққан қиын» атты кітабы жарыққа шықты.
Журналист «Қой баққан қиын» атты деректі романында өткен өмір белесінің түрлі тәртіптері мен қайшылықтарын бүгінгі көзқараспен бағалап, жас шопан тап болған қызықтар мен қиындықтарды баяндайды.
Роман қой бағудың қыр-сырынан әдебиет әлеміне дейін қамтитын, жастық сезім мен бедерлі теңеулерге толы.
Ктапқа «Көп қозы мен көк трактор», «Құламайтын кесе мен сүріншек ат», «Ауыр ай мен азулы жау», «Қораның үсті мен шарбақтың шеті», «Мұңлы Мұқағали мен шерлі Шәкәрім», «Сотталатын сорлы мен торыққан тоқты» және т.б. әңгімелер енген.