Ғалымдар әке болу ер адамдардың сыртқы келбетіне қалай әсер ететінін анықтады.
Иллинойсте (АҚШ) Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары 10 мың ер адамның қатысуымен 20 жылға созылған зерттеудің қорытындысын жариялады.
Отбасында бірінші бала пайда болған соң ер адамдар кемінде 2 келі салмақ қосқан. Балалары жоқ ер адамдар сымбатты бола түсіп, орташа 0,6 келі салмақ тастаған.
Бұдан басқа зерттеушілер баласынан бөлек тұратын ер адамдар да салмақ қосқанын анықтаған.
Сарапшылар мұны бала дүниеге келген соң ер адамның дұрыс тамақтануына және спортпен шұғылдануына уақыт бөле алмауымен түсіндіреді.
ҚазАқпарат