Сенегалда Гвинея, Мавритания, Испания мен Францияның шығармашылық топтары қатысқан театр фестивалі өтуде.
Дакардың шетінде орналасқан мектептер уақытша театр үйірмелеріне айналған. Елдегі атақты актер Мамаду Джоб театрда ойнағысы келетіндерге шеберлік сыныптарын өткізуде. Ал, басқа сыныптарда шетелдік сарапшылар тұрғындарға актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретті.
Сонымен қатар, мәдени шара аясында фестиваль алаңында әлеуметтік тақырыптар да кеңінен талқылануда. Сондықтан кейбір сахналық көріністерде актерлермен қатар көрермендер де ойнайды.
Мысалы, халыққа әлеуметтік маңызы бар мәселе туралы шағын спектакль көрсетіледі. Оны тамашалаған әрбір адам кейіпкерге қатысты ойын ортаға салып, мәселенің шешу жолдарымен бөліседі. Ал, егер ол кейіпкермен келіспесе, тіпті сахнаға шығып, рөлді өзінше сомдай алады.
Бұл Дакардың кедей аудандарындағы сөз бостандығының жаңа түрі дейді мамандар. Себебі осылайша тұрғындар көпшілікке өз ойларын еркін жеткізеді.