«Top Gear» бағдарламасының бұрынғы жүргізушілері «Amazon» арнасында жаңа шоу ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Top Gear» бағдарламасының бұрынғы жүргізушілері «Amazon» арнасында жаңа шоу ашпақ

02.08.2015
«Top Gear» бағдарламасының бұрынғы жүргізушілері «Amazon» арнасында жаңа шоу ашпақ

Компанияның хабарлауынша автокөліктер туралы атақты «Top Gear» бағдарламасының бұрынғы жүргізушілері жаңа шоу ашпақ. Ол интертетте ақылы «Amazon Prime» қызметі арқылы көрсетіледі.  

Келісімшарт бойынша телевизиялық шоудың 3 маусымы түсіріледі. Алғашқы бағдарламалар 2016 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Әзірге жаңа бағдарламаның аты таңдалмаған.  

«Бізге «Amazon Prime» қолданушылары Джереми Кларксон, Ричард Хаммонд пен Джеймс Мэйді экраннан тағы көргісі келетінін жиі айтатын. Сондықтан жаңа бағдарлама шығатынына қуаныштымыз. Бұл шоу 2016 жылдың ең таңдаулы телебағдарламасы болатынына сенімдімін», дейді «Amazon Prime» компаниясының вице-президенті Джей Марин.

Еске сала кетейік, Джереми Кларксон осы жылдың ақпанында «Top Gear» бағдарламасының продюсерімен төбелесіп, «BBC» телеарнасынан кеткен еді. Ал, оның әріптестері Джеймс Мэй мен Ричард Хаммонд атақты шоуды Кларксонсыз жүргізуден бас тартқан.

Хабарламаларға жазылу