Қазіргі таңда «Сарыарқа», «Есіл» және «Алматы» аудандарында орналасқан жиырма бес фототіркеу пункті бар. Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар қатарына кіретін тоқсан мыңнан астам адам тіркелген. Олар:
- соғыс ардагерлері және соларға теңестірілген тұлғалар;
- жасы және қызмет еткен уақыты бойынша зейнеткерлер;
- жасына байланысты және асыраушысынан айырылғандығына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлем алатындар;
- көпбалалы отбасылар;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
- студенттер мен оқушылар;
Фотоға түсіру және жеке жолақысын төлеу карталарын дайындау ақысыз. Карта иелеріне қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін беріледі.
Жеңілдікпен жүретін азаматтар категориясын фототіркеуден өткізу процедурасы тамыздың соңына дейін жалғасады. Фотоға түсіру үшін өзімен бірге жеке куәлік болу керек және Астана қаласында тіркеліп, осы жерде тұрақты тұру керек.
astana.gov.kz