Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай, биыл бірқатар пәндер бойынша оқулықтар жаңаланбақ. Ал жергілікті бюджетте жаңа кітаптарды сатып алуға ақша әзірге жоқ, деп жазады kz.otyrar.kz сайты.
Әзірге тек 4,5,6 және 11-сынып оқушыларын ғана кітаппен толық қамту мүмкін. Жетім балалар, жартылай жетім оқушылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардан шыққан оқушылар оқулықтарды толық алуы тиіс. Қалған шәкірттерге оқулық мәселесі әлі шешілу үстінде.
Дүкендерде әр оқулықтың бағасы 600 теңгеден 1,5 мыңға дейін жетеді. Орта есеппен ата-аналарға өз балаларына оқулық сатып алып беруі үшін 15 мың теңгеге дейін шығындалады.