Бауыржан Мырзахметов - қыста өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Мырзахметов - қыста өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалған

03.08.2015
Бауыржан Мырзахметов - қыста өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалған

Сол  күні мектептен шыққан соң, Олег күнделікті әдетінше тура жолмен үйге қайтпай, біраз серуендеп жүргісі келеді. Көңілінде еш үрей болмаған ол аяғының астындағы мұз жарылып кетеді деп ойламаған.

«Әйтеуір әлдекімнің жейдемнен тартып құтқарып қалғанын білемін. Бірден көлікке отырғызып, ауруханаға алып барды. Алайда, өзімді құтқарған адамның бет-әлпеті есімде қалмады. Себебі, сол сәтте есеңгіреп жатқан едім»,-дейді Олег Клименко.

Ал, сол Олегті аман алып қалған Бауыржан Мырзахметов бүгінде кинолог болып қызмет етеді. Қақаған аязда суға кеткен баланы құтқарып қалуды ғана ойлаған Бауыржан: «Қазақта «Адамның күні адаммен»,-деген бар ғой. Қашанда бір-бірімізге қайырымдылық жасап жүргеніміз абзал. Өзенге батып бара жатқан адамды көргенде ойланып тұратын уақыт болған жоқ. Автобус толы адамды тоқтатып, өзенге жүгіріп бардым»,-деп еске алады.

Өз басына келер қауіпті елеместен көмекке ұмтылған  ержүрек азаматтың ерлігі туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:50-де «Жаныңда жүр жақсы адам»  хабарынан көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу