«Астана-Арненада» елордалық «Астана» мен финляндиялық «ХИК» арасындағы ойынның 1-ші таймы аяқталды.
Алаң иелері үшін матч сәтсіз басталды. Ойынның 4-ші минутында финляндиялық команданың шабуылшысы Джаллоу гол соғып, қонақтарды алға шығарды.
Осыдан кейін басымдықты қолына алған «Астана» командасы шабуылды үдетті. 20-шы минутта қазақстандық клубтың капитаны Таңат Нөсербаевтың соққысы қақпадан биік кетті.
Қарымта шабуылда ойнаған «ХИК» 42-ші минутта ойындағы екінші голды соғып кетті. Оның авторы – Гидеон Баах.
Алайда, 2 минуттан кейін алаң иелері сапынан Патрик Твумаси гол соғып, 1-ші таймдағы есепті 1:2-ге жеткізді.
Енді «Астанаға» Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өту үшін тек жеңіс қажет. Себебі Хельсинкиде өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.
Еске сала кетейік, ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.