Самат Смақов пен Алексей Левин Павлодарда оңалту орталығын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самат Смақов пен Алексей Левин Павлодарда оңалту орталығын ашты

08.08.2015
Самат Смақов пен Алексей Левин Павлодарда оңалту орталығын ашты

Отандық футбол ардагері Самат Смақов пен «Ертіс» командасы және Қазақстан құрамасының дәрігері Алексей Левин облыс орталығында спортшыларға арналған оңалту орталығын ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, медициналық орталық тұрғындарға денсаулығын қалыпқа келтіру бойынша қызмет көрсетуге арналған. «Жарақат алған соң денсаулығымды қалпына келтіру үшін білікті мамандарды іздеген кездерім болды. Футболшылар жарақат алғаннан кейін шетелде емделуге үйреніп қалған. «Ертіс» клубының дәрігері Алексей Левинге зор сенім артамыз. Себебі оның тәжірибесі шетелдік дәрігерлерден кем түспейді», - дейді С. Смақов.

Игі іске мұрындық болған футболшы осындай жағдайды қаперге алып, «Боли.Net» атты оңалту орнын ашуға ниет білдіргенін айтты. «Медициналық мекемеде кәсіби спортшылармен қатар, омыртқа және буының зақымдаған тұрғындар да емделе алады. Емдеу барысында заманауи тәсілдерді қолданамыз. Құрал-жабдықтар заман талаптарына сай. Қазіргі таңда елімізде жоқ техниканы сатып алдық», - дейді А. Левин.

Хабарламаларға жазылу