Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына қабылдау кезінде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінен түсу емтихандары өткізілетін мерзім туралы хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінен түсу емтихандары 2015 жылғы 12-15 тамызында 31 жоғары оқу орнының базасында өткізіледі», делінген хабарламада.
Тестілеуге 104 жоғары оқу орнының және 16 ғылыми ұйымның 34 мың 207 үміткері қатысады.