Австралияның Зальцбург қаласының тұрғыны үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда әмиян тауып алады. Онда суреттер, әскери адамның жеке құжаттары бар еді. Нәтижесінде, әмиян тұтас батальоннан жалғыз өзі аман қалған америкалық солдатқа тиесілі болып шықты, деп жазады forumdaily.com.
Дәрігер Йозеф Рукхофер әмиянды үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда ағаш еденнің астынан тауып алғанын айтады. Ондағы құжаттар бойынша табылған заттың иесі 1495 жылы батальонымен бірге Австралиядағы пәтерде аялдаған Техас солдаты Элиджио Рамос екенін анықтайды.
Әмиянда сондай-ақ, отбасылық фотосурет, ескі пошта маркасы болған. «II Дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына орай әмиянды иесі тірі болса, қайтарып беріп, тосынсый жасағым келді»,-дейді дәрігер.
Ол іздеу жұмыстарын мекенжай кітапшаларынан, телефон анықтамалықтарынан, түрлі сайттардан жүргізеді. Арада біраз уақыт өткен соң, құжаттағы мәліметке сәйкес адам Калифорниядан табылады.
«Мен суреттер мен құжаттардың көшірмесін көрсетілген мекенжай бойынша салып жібердім. Егер әмиян иесі сол болса, менімен хабарласуын өтіндім. Бір аптадан кейін солдаттың баласынан хат алдым. Ол менен әмиянды салып жіберуімді сұрады»,-дейді Рукхофер.
Дәрігердің сөзінше, ол бүгінде ауруханада жатқан солдаттың өзімен әлі жүздеспеген.