«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылы аяқталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылы аяқталмақ

10.08.2015
«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылы аяқталмақ

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылдың ортасына қарай аяқталмақ. Бұл туралы Маңғыстау облысы Автокөлік жолдары және жолаушылар транспорты басқармасы жетекшісінің орынбасары Тұрбек Спанов мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен, 470  шақырым болатын «Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының  құрылысы басталған еді. Соның «Бейнеу-Шетпе» бөлігінің 300 шақырым жердегі 240 шақырымы бүгінде қозғалысқа берілген. Сарапшы мамандар дәл осы бағытта сауда тасымалының  артып отырғанын айтады»,-деді Тұрбек Спанов.

Жолдың жөндеу жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Құрылыстың жалпы құны 83 миллиард теңгені құрайды.

«Алда әлі талай атқарылар жұмыс көп. Ол келер жылы басталатын  «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы», «Жетібай-Жаңаөзен» жолдары. Сондай-ақ, Ақтау қаласына дейінгі подъездерді 4 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары да қолға алынбақ»,-деді  Тұрбек Спанов.

Хабарламаларға жазылу